26.05.2010, 12:27 3616

Баку - Тбилиси - Карс теміржолын салу - Жібек Жолын қайта жаңғыртуға жасалған қадам - Түркия президенті

Баку - Тбилиси - Карс теміржолын салу - Жібек Жолын қайта жаңғыртуға жасалған қадам - Түркия президенті

Астана. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Баку - Тбилиси - Карс теміржолын салу - Жібек Жолын қайта жаңғыртуға жасалған қадам. Бұл туралы бүгін Түркия Республикасының президенті Абдолла Гүл Қазақстан Республикасы парламентінің депутаттары алдында сөз сөйлеген кезде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстанның көмегімен Баку - Тбилиси - Карс теміржолын салу жобасы жүзеге асқанда Қытай мен Қиыр Шығыс Еуропа нарықтарымен тығыз байланысқа шығады, соның нәтижесінде тарихи Жібек Жолын қайта жаңғыртуға бағытталған біздің мақсатымыздың аса маңызды бір қадамы аяқталады", - деді А. Гүл.

Оның айтуынша, "Еуропа мен Азияны, Батыс пен Шығысты жалғастыратын жаңа Жібек Жолын жасау, басқаша айтқанда, жаңа транспорттық, коммуникациялық, энергетикалық дәліздерді құрып дамытуда Қазақстан мен Түркияға аса маңызды рөл мен тарихи жауапкершілік жүктеліп отыр".

Сондай-ақ, Түркия президентінің айтуынша, "2008 жылдың қараша айында Баку - Тбилиси - Жейхан мұнай құбырымен Қазақстан мұнайы тасымалдана бастаған сәттен бастап біздің арамыздағы энергетика саласындағы ынтымақтастықтың аса маңызды өтпелі кезеңі қалыптасты".

"Біздің бұл энергетикалық ынтымақтастығымыз Қазақстан мұнайы қазір жұмыстар жүргізіліп жатқан Самсун - Жейхан мұнай құбырымен жөнелтіле бастағанда жаңаша сипатқа ие болады деп сенемін", - деді А. Гүл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны