09.03.2010, 18:32 3351

Бакуде АӨСШК аға лауазымды тұлғалар комитетінің кезекті отырысы өтеді

Бакуде АӨСШК аға лауазымды тұлғалар комитетінің кезекті отырысы өтеді

Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Баку қаласында 12 наурызда Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (қысқашасы - АӨСШК немесе Азия кеңесі) аға лауазымды тұлғалар комитетінің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бас қосудың күн тәртібіндегі негізгі мәселе - өткізілуі биыл 7-9 маусымда Ыстамбұлда жоспарланған Азия кеңесі елдерінің мемлекет және үкімет басшыларының үшінші саммитін дайындық барысы.

Сондай-ақ, Азия кеңесінің Артықшылықтар мен иммунитеттер жөніндегі Конвенцияның жобасын талқылау, 3-ші саммиттің саяси декларациясының жобасы мен Түркияның кеңеске 2010-2012 жылдары төрағалық ету тұжырымдамасын мүше мемлекеттердің назарына ұсыну сияқты іс-шараларды өткізу жоспарланған.

АӨСШК қатарына келесі мүше-мемлекеттер кіреді: Ауғанстан, Изербайжан, Египет, Үндістан, Иран, Израиль, Иордания, Қазақстан, ҚХР, Корея Республикасы, Қырғызстан, Монғолия, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, БАИ, Өзбекстан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны