28.02.2008, 17:28 4315

Бакуде ЕҚЫҰ-ның жаңа кеңсесі ашылды

Бакуде ЕҚЫҰ-ның жаңа кеңсесі ашылды

Баку. 28 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бакуде бүгін ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Финляндия СІМ Илкка Канерваның қатысуымен ұйымның жаңа кеңсесі ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Рәсімде сөз сөйлеген И. Канерва ЕҚЫҰ-ның кеңсесі Изербайжандағы өз іс-қызметін сегіз жыл бұрын бастап, үкімет пен азаматтық қоғам арасындағы қарым-қатынаста айрықша маңызды роль атқарды деп атап өтті.

"Осы мерзімде ЕҚЫҰ Изербайжанға ЕҚЫҰ принциптерін жүзеге асыруға жәрдемдесті. Жаңа кеңсе азаматтық қоғамның түрлі топтары өкілдерінің демократияға, экологияға қатысты және республикада бүгінгі күні өзектілікке ие болған басқа да мәселелерді шешу үшін жиналатын жайлы орынға айналады деп сенемін", - деді И. Канерва.

Изербайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Араз Азимов бүгінгі күні дүниежүзі мен өңірде аса күрделі оқиғалар болып жатқанын атап өтті.

"Қазір ЕҚЫҰ кеңістігінде уақыт ұттырмай шешуді талап ететін аса күрделі оқиғалар болып жатыр. Изербайжан сол себепті ЕҚЫҰ-ынан көп нәрсені күтеді, соның ішінде ең үлкен сұрақ - Изербайжанға таңылып отырған нагорный карабах проблемасына қатысты", -деді министр орынбасары.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, И. Канерва Бакуге өзінің Оңтүстік Кавказ елдеріне жасайтын турнесі аясында келіп отыр.

Бакуге сапары кезінде Илкка Канерва мен Горан Ленмаркер ел президенті Ильхам Алиевпен, милли меджлис төрағасы Огтай Асадовпен, СІМ Эльмар Мамедьяровпен, елдің саяси партияларының жетекшілерімен, сондай-ақ, Нагорный Карабах әзербайжан қоғамының жетекшісі Низами Бахмановпен кездеседі.

Кездесулерде Изербайжан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастық перспективасы, Нагорный Карабах шиеленісін бейбіт жолмен реттеу бойынша Армения мен Изербайжан арасында жалғасып жатқан келіссөздер жайы талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны