05.02.2008, 17:50 3202

Бакуде Еуропалық комиссиясының өкілдігі ашылды

Бакуде Еуропалық комиссиясының өкілдігі ашылды

Баку. 5 ақпан. "Қазақстан-Бүгін" -Бакуде 4 ақпанда Еуропалық Одақтың Еуропалық комиссиясының өкілдігі ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

" Бакуде Еуропалық комиссиясы өкілдігінің ашылуы біз үшін аса маңызды оқиға. Бұл ЕО пен Изербайжан арасындағы қатынастардың көрсеткіші және ол болашақта ынтымақтастықтың темірқазығы болады деген сенімдемін", -деп мәлім етті Еуропалық Одақтың сыртқы және көршілік саясат жөніндегі комиссары Бенита Ферреро Вальднер.

Оның сөздері бойынша, бұл аймақта өкілдіктің желілерін дамытуға мүмкіндік береді.

Вице-премьер Абид Шарифов өз кезегінде ЕК өкілдігінің ашылуы Еуропада Изербайжан жөнінде шынайы ақпараттың таратылуына және мемлекеттің Еуропалық Кеңес алдындағы міндеттерін орындауға көмек көрсететініне сенімді екенін жеткізді.

Словенияның ЕК төрағалық етіп отырған сыртқы істер министрлігінің басшысы Дмитрий Рупель атап өткеніндей, Изербайжан Еуропа елдері үшін аса маңызды мемлекет.

Өкілдіктікті Изербайжандағы Еуроодақтың өкілі Аллан Уаддамс басқаратын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны