11.09.2006, 19:07 3431

Бакуде Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдердің туризм министрлерінің 5-отырысы өтуде

БАКУ. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бакуде Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдердің туризм министрлерінің 5-отырысы өтуде, деп хабарладйы Kazakhstan Today тілшісі.

Шараның ашылуында сөз сөйлеген Изербайжан президенті Ильхам Илиев Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдер арасында саяси, экономикалық және мәдени саладағы ынтымақтастық табысты дамып келе жатуымен бірге, осынау ынтымақтастықты тереңдетуге қажетті үлкен әлеует бар деп атап өтті.

И.Илиевтің пікірінше, Бакуде Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдердің туризм министрлерінің 5-отырысын өткізу туризм саласында ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді, ал Изербайжан үкіметі бұл саланы дамытуға баса назар аударуда.

"Изербайжанда туризмді дамытуға қажетті барлық жағдайлар жасалған. Туристік инфрақұрылымды дамытуға ауқымды инвестициялар жұмсалады деп күтілуде. Сонымен бірге көлік инфрақұрылымын дамытуға - автокөлік жолдары мен ел өңірлерінде үш жаңа халықаралық әуежай салу бағытында ауқымды жұмыстар тындырылуда. Сонымен бірге жаңа мейманхана кешендерін салу межеленуде",- деді Изербайжан президенті.

И.Илиев Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдердің мемлекеттік ұйымдары мен жеке меншік компанияларының өкілдеріне Изербайжанда туристік саланы дамытуға атсалысуға шақырды.

Бүкіләлемдік туристік ұйымның бас хатшысы Франческо Франжиалли кейінгі жылдары халықаралық туризмнің дами түскені байқалып отыр, деп мәлімдеді.

"Бүкіләлемдік туристік ұйымның бағалауынша, 2005-жылы халықаралық туристік келулер саны 800 млн. адамды құрап, 5,5 процентке артты. Ал 2004-жылы өсім 10 процентті құраған. Соның ішінде жалпы көрсеткіштің аясындағы 109 млн. келу Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдердің үлесінде. Ұйымға мүше 6 елдің әрбіреуі 5 млн. тешелтік туристенн қабылдпады. Алайда, туристік инфрақұрылымға, ұшақтар мен әуежайларға жасалған лаңкестік шабуылдар, шикі мұнай бағасының шұғыл қымбаттауы, соның салдары іспетті авиаициялық керосин бағасының қымбаттауы мен "құс тұмауы" пандемиясының таралуына байланысты белең алған алаңдаушылық туризмнің өсуіне үлкен кедергі келтіруде",- деді Ф.Франжиалли.

Ислам Конференциясы ұйымының бас хатшысы Экмаладдин Ихсаноглудың хабарлауынша, лаңкестік және табиғи зілзала секілді түрлі кездейсоқ оқиғалардың көбейе түсуіне қарамастан, 2005-жылы мұсылман әлемі елдерінде туризм гүлдене түсті.

"Былтыр Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдерге 40 млн. турист келді. Жалпы алғанда бұл саладағы жиынтық кіріс 35 млрд. долларды немесе әлемдік туристік нарықтың 5 процентін құрады. Ұйымға мүше елдердің арасынан Түркия мен Малайзияда туризм аса жоғары деңгейде дамыды. Бұл елдердің туристік инфрақұрылымы Еуропа елдерімен бәсекелесуде",- деді Э.Ихсаноглу.

Оның айтуынша, Таяу Шығыстағы кейінгі оқиғаларға қарамастан, Ислам Конференциясы ұйымы 2007-жылдың 1-3-шілдесінде Бейрут қаласында ұйымға мүше елдердің кезекті туристік көрмесін ұйымдастырмақшы.

Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдердің туризм министрлерінің 5-отырысына 34 елдің өкілдері қатысуда. 12-қыркүйекьте отырыс қорытындысы бойынша Баку декларациясы қабылданады.

Қазақстан атынан отырысқа сауда және туристік іс-қызметті реттеу жөніндегі комитеттің төрағасы Қайырбек Өскенбаев қатысады.

Ислам конференциясы ұйымы 1969-жылы құрылған. Қазір бұл ұйымға 57 мемлекет мүшелікке өткен. Олардың арасында Изербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қазақтан және Өзбекстан сынды ТМД елдері бар.

Ұйымның басты мақсаты - исламдық ынтымақтастықты нығайту, нәсілдік алалаушылық пен басқыншылықты жоюға түрткі болу, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қорғау, ислам халықтарының тәуелсіздік пен ұлттық құқықтары үшін күресіне қолдау көрсету болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны