02.05.2007, 15:08 3662

Бакуде ТМД елдерінің стандарттау саласындағы ынтымақтастығының келешегі талқыланады

БАКУ. 2-мамыр. Kazakhstan Today. ТМД елдерінің стандарттау саласындағы ынтымақтастығының келешегі Бакуде 3-4-мамырда өтетін ТМД елдерінің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің стандарттау жөніндегі ғылыми-техникалық комиссиясының 33-ші отырысы мен ТМД елдерінің ақпараттық технологиялар саласындағы стандарттау жөніндегі жұмыс тобының 16-шы отырысы барысында талқыланады.

Kazakhstan Today тілшісіне Изербайжан Республикасының стандарттау, метрология және патент жөніндегі мемлекеттік агенттігінен хабарлағанындай, ғылыми-техникалық комиссиясының 33-ші отырысының күн тәртібіне 21 мәселе енгізілген.

"Атап айтсақ, әр елде жыл бойы жасалған стандарттар мен осы стандарттарды ТМД-ға қатысушы елдерде қабылдау мүмкіндігі туралы талқылау жоспарланған. Бұған қоса стандарттау саласындағы бұдан былайғы ынтымақтастық перспективалары талқыланды",- дейді мекемедегілер.

Ғылыми-техникалық комиссиясының отырысымен біруақытта ТМД елдерінің ақпараттық технологиялар саласындағы стандарттау жөніндегі жұмыс тобының 16-шы отырысы өтеді. Онда 8 мәселе талқылау қарастырылған.

Екі отырысқа да Изербайжан, Грузия, Беларусь, Қазақстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей және Украинаның стандарттау жөніндегі ұлттық органдарының өкілдері қатысады.

ТМД елдерінің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесі стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу және оны қалыптастыру жөніндегі үкіметаралық орган болып табылады. Мемлекетаралық кеңестің жоғарғы органы - кеңес мүшелерінің отырысы болып табылады. Ол келісімге мүше елдерде жылына екі мәрте өткізіліп отырады. ТМД елдерінің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесін ISO стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Еуро-Азиялық стандарттау жөніндегі аймақтық ұйым ретінде таныған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны