29.09.2009, 15:17 3043

Бакуде түркі тілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының І жалпы отырысы басталды

Бакуде түркі тілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының І жалпы отырысы басталды

Баку. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бакуде түркі тілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының І жалпы отырысы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Изербайжанның милли меджлисіне (парламент) сілтеме жасап.

Отырысқа Изербайжанның милли меджлисінің спикері Октай Асадов, Түркияның Ұлттық ұлы жиынының төрағасы Мехмет Али Шахин, Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов пен Қырғызстан парламентінің жетекшісі Айтибай Тагаев қатысуда.

"Отырыста түркі тілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының жарғысы мен хатшылық туралы ереже бекітіліп, бас хатшы мен оның орынбасарлары сайланады", - деп хабарлайды милли меджлистегілер.

Отырыс қорытындысы бойынша түркі тілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының Баку декларациясы қабылданады.

Түркі тілдес елдердің Парламенттік ассамблеясын құру туралы хаттамаға 2009 жылдың ақпан айында Стамбулда қол қойылған, оған Изербайжан, Түркия, Қазақстан мен Қырғызстанның заң шығарушы органдарының өкілдері қол қойды. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін осы мемлекеттердің парламенттері жетекшілерінің бірінші саммиті өтті. Бұл құжатқа сәйкес түркі тілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының сессиялары оған мүше елдерде жыл сайын өткізілуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны