03.07.2008, 18:35 2446

Бакуде Изербайжан және Ресей лидерлерінің кездесуі басталды

Бакуде Изербайжан және Ресей лидерлерінің кездесуі басталды

Баку. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Бакуке екі күндік сапармен Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қазір Д. Медведев пен Изербайжан президенті Ильхам Илиевтің жеке кездесуі өтуде. Бұдан кейін келіссөздер кеңейтілген құрамда жалғасады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа, соның ішінде екі жақты ықпалдастықтың келешек бағыттарын айқындап беретін Достық және стратегиялық серіктестік жөніндегі декларацияға қол қойылмақ.

Сапар аясында Д.Медведев Гейдар Илиевтің бейіті мен қаза тапқан батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Изербайжандағы діни конфессиялардың жетекшілерімен сұхбаттасып, Гейдар Илиев қорына барады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны