04.12.2006, 16:16 2740

Балалар құқығын қорғау жөніндегі Орталық Азия елдерінің бірінші форумы Астанада өтеді

АСТАНА. 4-желтоқсан. "Орталық Азиядағы отбасылар мен балаларды әлеуметтік және құқықтық қорғау жүйесі" тақырыбы аясында балалар құқын қорғау жөніндегі Орталық Азия елдерінің бірінші форумы 6-7-желтоқсанда Астанада өтеді.

Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Аталған шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан, сондай-ақ, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады. "Форумның мақсаты - балалар құқығын қорғау мәселелері бойынша елдер арасында үнқатысуға негіз қалау, БҰҰ-ның Балалар құқығы туралы конвенциясын жүзеге асыруға бағытталған шараларды қабылдау",- деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны