31.05.2010, 15:05 6942

Басқа елдер Кедендік одаққа бүгінге дейін қол қойылған шарттармен қосыла алады - Қазақстан премьер-министрі

Басқа елдер Кедендік одаққа бүгінге дейін қол қойылған шарттармен қосыла алады - Қазақстан премьер-министрі

Алматы. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Басқа елдер Кедендік одаққа бүгінгі қол қойылған шарттармен қосыла алады. Кедендік одақтың жоғарғы органының Санкт-Петербург қаласында өткен жиналысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз басқа елдердің Кедендік одаққа бүгінге дейін қол қойылған шарттарға сәйкес бірігуінен мүдделіміз", - деді Кәрім Мәсімов.

Өз кезегінде РФ үкімет басшысы Владимир Путиннің түсіндіруінше, Кедендік одаққа, кейін Біртұтас экономикалық кеңістікке бірігуге ЕурАзЭҚ-қа мүше көптеген елдер ниет білдірген. Оның айтуынша, қазір бұл елдердің осындай интеграцияға экономикалық тұрғыдан дайындығына қатысты мәселе бар. Интеграциялануға қатысты экономикалық база біртіндеп құрылуда, деді В. Путин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны