06.01.2012, 10:48 4162

Басты айыптаушы Мүбаракты өлім жазасына кесуді талап етуде

Мысыр елінің Бас прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Хосни Мүбаракты дарға асу арқылы өлім жазасына кесуді талап етті. Дәл осындай жазалауды ІІМ-нің бұрынғы басшысы Хабиб аль-Адлиге және оның бірқатар орынбасарларына қолдануды талап етіліп отыр, деп хабарлайды РБК.

Астана. 6-қаңтар. Kazakhstan Today - Басты айыптаушы Мүбаракты өлім жазасына кесуді талап етуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мысыр елінің Бас прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Хосни Мүбаракты дарға асу арқылы өлім жазасына кесуді талап етті. Дәл осындай жазалауды ІІМ-нің бұрынғы басшысы Хабиб аль-Адлиге және оның бірқатар орынбасарларына қолдануды талап етіліп отыр, деп хабарлайды РБК.

Прокурор Мұстафа Сүлейманның келтірген айыптау нұсқасы бойынша, Х.Мүбарак және оның үкіметінің шенеуніктері соғыс оқтарын қолдануға және бейбіт түрде наразылық білдірген азаматтарды атуға рұқсат берген.

Айыптау тарабының пікірінше, елдің билігі шерушілерге 2011 жылдың 27 қаңтарында оқ атуға рұқсат берген, бұл "Қаһар күні" - 18 күндік көтерілістің ең көп қан төгілген күні болды. Бұл әрекет Х.Мүбаракты қызметінен кетуге мәжбүрледі.

Өз сөзіне айыптаушы айғақ дәлелдер ретінде құқық тәртібі күштерінің шерушілерге жасаған қиянатты істерін көрсететін негізінен жаңалықтық телебағдарламалар жазбаларын қосты.

Х.Мүбарак Мысыр еліне 1981 жылдан бастап басшылық етті. Ол қызметін 2011 жылдың ақпан айында болған бұқаралық қарсы шығу акцияларынан кейін қызметінен кетті. Оларды өткізу кезінде шеруге шығушылар мен құқық тәртібі қызметкерлерінің соқтығысуы салдарынан 850-ге жуық адам қаза тапты.

Мысыр елінің бұрынғы президентіне қатысты сот процесі 2011 жылғы желтоқсанның аяғында, екі айлық үзілістен кейін қайта басталды. Х.Мүбарак сыбпайлас жемқорлық пен шерушілерді өлтіруге қатыстылығы бойынша айыпталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны