12.08.2008, 17:17 2373

Батуми айлағы әскери іс-қимылдар аймағынан тысқары жатыр - Қазақстандағы Ресей елшілігі

Батуми айлағы әскери іс-қимылдар аймағынан тысқары жатыр - Қазақстандағы Ресей елшілігі

Астана. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Батуми айлағы әскери іс-қимылдар аймағынан тысқары жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы елшілігінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы РФ істерін уақытша жауаптанған өкіл Владимир Спринчан мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен Грузиядағы әскери іс-қимылдар барысында Қазақстанның меншігіне келген шығын туралы ақпарат естігем жоқ, мен оқыған бұқаралық ақпарат құралдарында айтылғандай онда ешбір шығын келген жоқ", - деді В. Спринчан.

"Батуми өңірінен, соның ішінде грузин ақпарат көздерінің хабарлауынша, ол жақта ешбір әскери іс-қимыл жүргізіліп жатқан жоқ, қауіп-қатер де жоқ", - деді ол.

"Қазақстан Батуми арқылы өтетін мұнай ағынын ішкі нарыққа бағыттау арқылы жай осындай жағдайда тәуекелді азайтуға қадам жасады ", -деді елші. "Өңірдегі жағдай тұрақты болмай тұр, сол себепті Қазақстан басшылығы мен "ҚазМұнайГаз" басшылары өз қызметкерлері мен өз терминалын қорғауға шара қолданды", -деді В. Спринчан.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Грузияның Батуми айлағы арқылы өтетін Қазақстан мұнайының ағымын ішкі нарыққа бағыттауды ұсынды. Ол кеше өткен үкіметтің селекторлық жиынында осындай ұсыныс жасады.

"Осы ағынды ішкі тұтынымға бағыттайық, мәселені энергетика министрлігімен бірлесе дәйектеңіздер", - деді Кәрім Мәсімов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ президенті Серік Бүркітбаевқа қаратып айтқан сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны