20.11.2012, 12:09 1445

БАИ мен Қазақстан дипломатиялық қатынастың 20 жылдығын атап өтті

Кеше Ибу-Дабидегі БАИ-нің Стратегиялық зерттеу және талдау орталығында (Emirates Center for Strategic Studies and Research) Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Имірліктері арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылуының жиырма жылдығына арналған "дөңгелек үстел" отырысы өтті.

Ибу-Даби. 20-қараша. Kazakhstan Today - БАИ мен Қазақстан дипломатиялық қатынастың 20 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше Ибу-Дабидегі БАИ-нің Стратегиялық зерттеу және талдау орталығында (Emirates Center for Strategic Studies and Research) Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Имірліктері арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылуының жиырма жылдығына арналған "дөңгелек үстел" отырысы өтті.

Шараға БАИ-нің көрнекті қоғам, саяси қайраткерлері, сарапшылар, журналистер мен дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Таяу Шығыстың жетекші сарапшылық қауымдастығы болып табылатын стратегиялық зерттеу және талдау орталығында меймандар үшін екіжақты қарым-қатынас тарихынан сыр шертетін арнайы фотокөрме ұйымдастырылды.

Екіжақты қарым-қатынастар тақырыбы бойынша ҚР-ның БАИ-гі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Мусинов пен ҚР Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы саяси талдау және жоспарлау комитетінің төрағасы Сержан Ибдікәрімов арнайы баяндамалар оқыды. Имірліктер тарапынан Орталықазиялық қарым-қатынастар департаменті басшысының орынбасары Сұлтан Мұхаммед Илмарри сөз сөйледі.

Сұлтан Мұхаммед Илмарри Имірліктердің Қазақстан Республикасымен қарым-қатынастарды одан әрі жан-жақты нығайта түсу мүддесін атап көрсетті.

Имірлік өкілі Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысы болып табылатындығын және Ибу-Даби мен Астананың дипломатиялық байланыстарын араб әлемі мен еуразиялық құрылық арасындағы берік көпір ретінде санауға болатындығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны