24.08.2006, 09:45 2619

Беларусь Қазақстанның мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға атсалысуға дайын - БР СІМ

АЛМАТЫ. 24 тамыз. Kazakhstan Today. Беларусь Қазақстанның стратегиялық серіктесі ретінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр, деп хабарлайлы Kazakhstan Today Белта агенттігіне сілтеме жасап.

Беларусь СІМ өкілдерінің айтуынша, екі ел арасындағы ықпалдастықтың тиімді бағыты - тұрғын ұй құрылысы. Қазақстанда әйнек, әйнек талшығын, алюминий қорытпасынан конструкциялар өндіретін кәсіпорын жоқ. Жүк көтеретін және құрылыс машиналарын, көтергіш көлік механизімін шығаратын зауыт жоқтың қасы. Жылуды тиімді сақтайтын материалдарды жасау, мұнай өнімін өңдейтін және полимер жасайтын өнеркәсіп даму үстінде. Бұл ретте қазақстандық серіктестердің Беларусь елінің күш-қуатын толық пайдалануына мүмкіндіктері бар. Сыртқы істер министрлігіндегілердің сөзіне қарағанда , Беларусь Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастың даму қарқынына риза және ынтымақтастық аясын кеңейтуге ықтияр.

Қазақстан Беларусьтің ТМД аясындағы Орталық Азия аймағындағы стратегиялық серіктесі. Соңғы үш жыл ішінде екі ел арасындағы сауда экономикалық қарым- қатынас әлдеқайда кеңейген. 2005 жылдың қортындысына қарағанда, тауар айналымы $214,6 млн. құраған.
Беларусь үшін сальдо $152,4 млн.болды. Екі ел арасындағы сауда-саттық көлемі 2006 жылы да сақталды:қаңтар мен маусым аралығындағы тауар айналымы $ 152 млн. асып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 60,8 % көбейді. Беларусь экспорты 126,1 млн. АҚШ долларына жеткен.

Беларусь Қазақстанға трактор, жүк көлігін, жол техникаларын және дөңгелек, дәрі -дәрмек, тоңазытқыш, жиhаз, керамикалық плита әкеледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны