06.11.2012, 10:39 3026

Беларусь премьер-министрінің Қазақстанға ресми сапары аясында жаңа келісімдерге қол қойылтын болады

9-10 қараша аралығында Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Михаил Мясниковичтің Қазақстан Республикасына алғашқы ресми сапары көзделуде. Бұл туралы кеше Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

Астана. 6-қараша. Kazakhstan Today - Беларусь премьер-министрінің Қазақстанға ресми сапары аясында жаңа келісімдерге қол қойылтын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 9-10 қараша аралығында Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Михаил Мясниковичтің Қазақстан Республикасына алғашқы ресми сапары көзделуде. Бұл туралы кеше Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

"Сапар аясында Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметовпен кездесуі және бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған. Бұл құжаттардың қатарында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасында 2000 жылдың 22 мамырында қабылданған салық заңнамасын қадағалау жөніндегі ынтымақтастық пен өзара көмек көрсету туралы Келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттама" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Беларусь Республикасы Орман шаруашылығы министрлігі арасында орман шаруашылығы саласында ынтымақтастық жөнінде келісім" бар",- деді ресми өкіл.

Бұдан бөлек, кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығының ахуалы мен болашағын талқылау және өзара тауар айналымды ұлғайту бойынша шаралар қабылдау жөнінде өзара пікір алмасуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Үкімет басшылары Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Еуразиялық экономикалық қауымдастық, Кеден одағы, Біріккен экономикалық кеңістік сияқты аймақтық интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара ынтымақтастық мәселелерін қарастырады.

"Сол күндері Қазақстан-Беларусь іскерлік форумының екінші отырысын, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь Үкіметаралық комиссиясының тоғызыншы отырысын және екі елдің Сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі іскерлік кеңестің бірінші отырысын өткізу көзделген", -деді А. Ибибуллаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны