30.09.2009, 15:40 5656

Беларусь Республикасында ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары ұйымның жауапкершілігі аймағындағы әскери-саяси ахуалды талқылауда

Беларусь Республикасында ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары ұйымның жауапкершілігі аймағындағы әскери-саяси ахуалды талқылауда

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Беларусь Республикасында ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары ұйымның жауапкершілігі аймағындағы әскери-саяси ахуалды талқылауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today БЕЛТА ақпапраттық агенттігіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Беларусь Республикасының Брест ауданы Каменецкий ауданындағы "Беловежская пуща" ұлттық саябағында бүгін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің кезекті отырысы басталды.

Оған Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары - Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі Қозы - Көрпеш Жаңбыршин бастаған қазақстандық делегация қатысуда.

Алғашқы кездесу тар құрамда өтті. Оған ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары мен ҰҚШҰ Бас хатшысы Н.Бордюжа, барлығы 8 адам қатысуда. Онда ұйымға мүше елдердің есірткі қаупіне қарсы бірлескен күрес шаралары мен осы бағыттағы 2008-2011 жылдарға арналған іс-шаралары жоспарыынң орындалу барысы жайлы талқыланады.

Ал жалпы отырыс барысында ҰҚШҰ Бас хатшысы Н.Бордюжаның ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің үйлестірілген ақпараттық саясатын құру жөніндегі әдістемелер мен тәжірибелік шаралар туралы баяндамасы тыңдалады. Бұл мәселе осы заманғы ақпараттық технологиялар мен PR-әдістемелерді дамыту жағынан барлық қатысушылар үшін айтарлықтай маңызды болып табылады.

Сонымен бірге, Н.Бордюжа алдағы ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет етуші күштерінің оқу-жаттығулары туралы хабардар етпек.

Бұған қоса, ҰҚШҰ жауапкершілігі аумағындағы әскери-саяси ахуалдың даму мәселесі бойынша пікір алмасу, сондай-ақ "Ұйымның 2010 жылға арналған бюджеті туралы" Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімі мақұлданады деп жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны