28.09.2009, 18:31 2813

Беларусь Республикасының Брест қаласында ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің кезекті отырысы өтеді

Беларусь Республикасының Брест қаласында ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің кезекті отырысы өтеді

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Беларусь Республикасының Брест қаласында 30 қыркүйекте өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің кезекті отырысына Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары - Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі Қозы - Көрпеш Жаңбыршин бастаған қазақстандық делегация қатысады. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Аталған отырыс барысында ҰҚШҰ Бас хатшысы Н.Бордюжаның ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің үйлестірілген ақпараттық саясатын құру жөніндегі әдістемелер мен тәжірибелік шаралар туралы баяндамасы тыңдалады. Бұл мәселе осы заманғы ақпараттық технологиялар мен PR-әдістемелерді дамыту жағынан барлық қатысушылар үшін айтарлықтай маңызды болып табылады.

Сонымен бірге, Н.Бордюжа алдағы ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет етуші күштерінің оқу-жаттығулары туралы хабардар етпек.

Бұған қоса, ҰҚШҰ жауапкершілігі аумағындағы әскери-саяси ахуалдың даму мәселесі бойынша пікір алмасу, сондай-ақ "Ұйымның 2010 жылға арналған бюджеті туралы" Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімі мақұлданады деп жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны