13.09.2007, 13:57 2959

Беларусь үкіметі РФ жаңа үкіметі барысында Мәскеу мен Минскінің өзара ықпалдастығының позитивті беталысы сақталатындығын көздеуде

Беларусь үкіметі РФ жаңа үкіметі барысында Мәскеу мен Минскінің өзара ықпалдастығының позитивті беталысы сақталатындығын көздеуде.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. АСТАНА. Беларусь үкіметі РФ жаңа үкіметі тұсында да Мәскеу мен Минскінің өзара ықпалдастығының позитивті беталысы сақталатындығын көздеуде, деп мәлім етті Астанада өткен брифингте Беларусь премьер-министрі Сергей Сидорский.

"Біз әсіресе соңғы жылдары біздің елдердің арасындағы ынтымақтастықтың, ең алдымен машина жасау, радиоэлектроника, компьютерлік техника саласындағы күрделі ғылыми-техникалық бағдарламаларына кірістік. Біз одақтас мемлекеттердің дамуындағы осындай жақсы беталыстар Ресей үкіметінің жаңа құрамы тұсында да беки түсуі үшін барлық мүмкіндіктерді жасайтын боламыз",- деді С.Сидорский.

"Беларусь пен Ресей арасындағы қатынас мемлекеттердің одақстастығы аясында орнап келеді және де мен Ресей үкіметін Михаил Фрадков басқарған үш жарым жыл ішінде біздің үкіметтер дәйектеген одақтық бағдарламалар конструктивті және іскерлік сипат алу үшін жеткілікті істер тындырылды",- деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны