07.05.2009, 19:17 2908

Бельгияның тақ мұрагері Филипп мамыр айында құрамында осы елдің ғарышкері бар ғарыш кемесінің ұшу рәсіміне қатысу үшін Байқоңырға келеді

Бельгияның тақ мұрагері Филипп мамыр айында құрамында осы елдің ғарышкері бар ғарыш кемесінің ұшу рәсіміне қатысу үшін Байқоңырға келеді

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Брюссельде ҚР елшісі Е.Өтембаев Бельгия королі ІІ Альбертке төтенше және өкілетті елші болып тағайындау жөнінде сенім грамотасын салтанатты түрде тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Король осы жылдың мамыр айында Бельгияның тақ мұрагері Филипп құрамында Бельгия ғарышкері Франк де Винне бар ғарыш кемесінің ұшу рәсіміне қатысу үшін Байқоңырға сапар шегетінін хабарлады. Сонымен қатар, Алберт II тақ мұрагерінің 2011 жылы Қазақстанға ірі бизнес делегациямен жасайтын сапарынан көп үміт күтетінін жеткізді.

Салтанатты рәсімнен кейін сұхбат өтіп, Бельгия королі президент Н.Назарбаевтың саясатына жоғары бағасын беріп, Елбасыға денсаулық пен табыс, ал Қазақстан халқына өркендеу тіледі.

Корольмен кездесуде екі елдің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық пен саяси қатынастарды екіжақты, халықаралық және аймақтық деңгейде дамыту туралы пікір алмасу болды.

Король Альберт II энергетикалық саладағы серіктестік перспективаларына көп назар аударды. Осыған байланысты, елші корольді еліміздегі индустриялық -инновациялық стратегия барысы және оны жүзеге асыру жолдарымен таныстырды. Мысалы, елші инфрақұрылымдық және қызмет көрсетуге қатысты жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндігін атап өтті. Оның ішінде, нефтехимиялық өнеркәсіп саласы да бар. Осы тұрғыдан Бельгияның теңіз танкер флоты мен жаңа технологияны қолдану арқылы айлақтық инфрақұрылымды жаңарту саласындағы озық тәжірибесі қызықтыратыны айтылды.

Ядролық мәселемен байланысты тақырыпты қозғағанда король еліміздің ядролық қарудан бас тарту арқылы ғаламдық қауіпсіздікке қосқан үлесін аатап өтті. Е.Өтембаев ғаламдық қауіп қатерді азайтуға бағытталған Елбасының МАГАТЭ басшылығымен ел аумағында ядролық жанар-жағармайдың халықаралық банкін орналастыру туралы бастамасы жөнінде әңгімелеп берді. Король Алберт II елшіге осы салада ынтымақтастық орнатудың мүмкіндіктерін қарастыру үшін Моль қаласындағы Ядролық зерттеулер орталығын көруге шақырды.

Саяси салада бірлесіп іс-әрекет етуге қатысты 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның, ал екінші жарты жылында Бельгияның төрағалық ететінін ескере отырып, екі елдің арасында саяси ынтымақтастықты жандандыру керектігі көтерілді. Олар қазіргі кезеңді екі жақтың мүдделерін жылжыту үшін әртүрлі деңгейде кездесулер ұйымдастыруға пайдалануға болар еді, деді.

Елші болса күзде Антверпен провинциясының губернаторы Кати Беркстің өз елінің ірі компанияларының жетекшілерімен бірге Астанаға, Алматыға және Ақтауға жасайтын сапарының маңыздылығын қосты. Е.Өтембаевтың айтуы бойынша губернатордың бұл жолды таңдап алуы екі аймақтың орталығының арасындағы жалпы көлік бағытынан туындаған. Осыған байланысты, елшінің Маңғыстау облысы мен Антверпен провинциясы арасында бауырластық қатынас ортану туралы ұсынысын король қуана құптады.

Е.Өтембаев бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін Еуропалық инсветициялық банк сияқты аймақтық деңгейдегі инфрақұрылымдық жобаларды да қаржыландыра алатын қаржы институттарын тарту керектігін айтты.

Осымен бірге елші екі тараптың мүдделерінен шығатын бірлескен жобаларды дайындап, оларды жылжытатын Қазақстан-бельгия іскерлік кеңесін құру жағын қарастыруды ұсынды.

Сыртқы саясатты талқылаған кезде Корольге еліміздің халықаралық бастамалары туралы айтып берілді. Исіресе, Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты кеңейтуге талпынып отырғаны, оның ішінде, ҚР мен ЕО арасында жаңа серіктестік туралы келісім-шартқа қол қою мәселесі сөз болды.

Кездесу соңында елші Е.Өтембаев Король ІІ Албертке Елбасының "Қазақстан жолы" атты осы елдің ресми екі тіліне, француз және нидерланд тілдеріне аударылған кітабын тарту етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны