01.12.2012, 16:38 3743

Берлинде ҚР тұратын этникалық немістер мәселесі жөніндегі Қазақстан-Германия арасындағы Үкіметаралық комиссияның оныншы отырысы болып өтеді

"Отырыс аясында тараптар мәдени-гуманитарлық, білім беру және әлеуметтік салалардағы жүзеге асырылған шаралардың қорытындысын талқылап, осы бағыттар бойынша 2013 жылға арналған басты басымдықтарды белгілеуді көздеп отыр", - деді Омаров брифинг барысында.

Астана. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today - 6-желтоқсанда Берлинде ҚР тұратын этникалық немістер мәселесі жөніндегі Қазақстан-Германия арасындағы Үкіметаралық комиссияның оныншы отырысы болып өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы жұмада сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.

"Отырыс аясында тараптар мәдени-гуманитарлық, білім беру және әлеуметтік салалардағы жүзеге асырылған шаралардың қорытындысын талқылап, осы бағыттар бойынша 2013 жылға арналған басты басымдықтарды белгілеуді көздеп отыр", - деді Омаров брифинг барысында.

Оның ақпаратынша, комиссияның қазақстандық тарапын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков басқарады, ал германиялық тарапты Германия Ішкі істер министрлігінің Парламенттік Статс-хатшысы, Германия Федеративті үкіметінің келімсектер және ұлттық азшылық істері жөніндегі өкілетті уәкілі Кристоф Бергнер төрағалық етеді.

Сонымен қоса, отырыс шеңберінде Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты стратегиялық әріптестікті нығайтуда маңызды рөл атқаратын Қазақстандағы "Возрождение" немістер қоғамдық бірлестіктерінің Ассоциациясы қызметі туралы баяндама оқылатын болады.

Отырыс қорытындысы бойынша екіжақты Коммюникеге қол қою қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны