22.12.2008, 17:26 2584

Біріккен Араб Имірліктерінің Абу-Даби қаласында екі елдің үкіметаралық бірлескен комиссиясының үшінші отырысы өткізіледі

Біріккен Араб Имірліктерінің Абу-Даби қаласында екі елдің үкіметаралық бірлескен комиссиясының үшінші отырысы өткізіледі

Астана. 22 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Біріккен Араб Имірліктерінің Абу-Даби қаласында 21-22 желтоқсанда сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнінде Қазақстан-Имірліктер үкіметаралық бірлескен комиссиясының үшінші отырысы өткізіледі деп жоспарлануда. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Отырыс барысында екі жақты ынтымақтастықтың даму қарқындары қарастырылмақ. Сонымен қатар, табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және табысқа салынатын салықтан жалтарудың алдын алу туралы Қазақстан Республикасының мен Біріккен Араб Имірліктерінің Үкіметтері арасындағы конвенцияға қол қойылады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны