25.05.2010, 11:25 2101

Біріккен Араб Имірліктерінің президенті Қазақстан үкімет басшысын ескерткіш орденмен марапаттады

Біріккен Араб Имірліктерінің президенті Қазақстан үкімет басшысын ескерткіш орденмен марапаттады

Алматы. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Біріккен Араб Имірліктерінің президенті шейх Халифа бен Заид Аль Нахайян дүйсенбі күні Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовты Order of Federation атты ескерткіш орденмен марапаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Gulfnews.com ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Мұндай орден әдетте президенттер мен мұрагер ханзадаларға табысталады. "Order of Federation орденін Кәрім Мәсімовқа табыстау Қазақстан мен Біріккен Араб Имірліктері арасындағы достық байланысты атап көрсетудің белгісі болса керек", - делінген хабарламада.

Шейх Халифа бен Заид Аль Нахайян екі ел арасындағы достықты одан әрі бекіте түсуге тілек білдірді.

Сондай-ақ ол Біріккен Араб Имірліктерінің Қазақстанмен арадағы инвестициялар және бірлескен ынтымақтастық перспективаларын кеңейте түсу салаларындағы ынтымақтастықты арттыруға деген талпынысын растады.

Тараптар екі ел халықтарының игілігі үшін түрлі салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдету жолдарын талқылады.

Шейх Халифа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сәлем жолдап, Қазақстан еліне ілгерілеушілік пен гүлдену тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны