02.04.2013, 11:56 41235

Бірінші вице-премьер Б.Сағынтаев экономикалық серіктестік бойынша қазақстандық-украиналық комиссияға қатысты

Мемлекетаралық комиссиясының тең төрағалары қол қойған хаттамада Қазақстан және Украина тараптары барлық спектор бағыттары, оның ішінде жанармайлық-энергетикалық және агроөнеркәсіптік кешен, тау-металлургиялық саласы, ауыр машина жасау, авиақұрылыс, химия өнеркәсібінің салалары бойынша екі жақты ынтымақтастықты қарқындатуға келісім жасасты.

Астана. 2-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Киев қаласында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың және Украинаның бірінші вице-премьері Сергей Арбузовтың тең төрағалық етуімен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзара мемлекетаралық Қазақстан-Украина комиссиясының 11-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекетаралық комиссиясының тең төрағалары қол қойған хаттамада Қазақстан және Украина тараптары барлық спектор бағыттары, оның ішінде жанармайлық-энергетикалық және агроөнеркәсіптік кешен, тау-металлургиялық саласы, ауыр машина жасау, авиақұрылыс, химия өнеркәсібінің салалары бойынша екі жақты ынтымақтастықты қарқындатуға келісім жасасты.

Қазақстан мен Украина арасындағы өзара сауда соңғы бес жылда 2,6 миллиард доллардан 4,18 миллиард долларға дейін өскен. Қазақстан Украина үшін ТМД елдері ішіндегі тауар айналымы көлемі бойынша сауда серіктестерінің үшіншісі және Украинаның барлық сауда серіктестерінің арасында сегізінші болып табылады. Тауар айналымының өсу серпініне қарамастан, комиссия отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан және Украина мемлекеттері тараптары ағымдағы жылдың соңына дейін сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың тиімділігін жоғарылату туралы ұсыныстарымен алмасатын болып келісті. Сонымен қатар, екі жақ Украина мен Қазақстанның 2013-2014 жылдарға арналған ("Жол картасы-4") жоспарына қол қоюға өзара дайындық шараларын мақұлдады.

Комиссия отырысы барысында сонымен қатар отын-энергетикалық кешендегі жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері де талқыланды. Қазақстандық және украиндық сарапшылар серіктес мемлекеттердегі энергетика дамуының негізгі бағыттарына, энергетикалық жобаларды дамыту сұлбаларына, оның ішінде: объектілерді қаржыландыруды, жобалауды, салуды, пайдалануды, иелік етуді қосқанда өзара ақпараттық алмасудың жалғасып тұруына келісті.

Комиссияның тең төрағалары Қазақстан-Украина электр өнеркәсіптік консорциумын құру бойынша қазақстандық және украиндық энергетиктер мен энергия машина жасаушылардың бастамасын қолдауға ниет білдіретіндігі туралы баяндады. Бұл Қазақстанның екі жақты энергия өндіру қуатын жаңғырту бағдарламасын орындаудағы, құрылыс электр беру сызықтары мен байланыстары, энергетикадағы сенімді жүйелерді құру қауіпсіздігіндегі мүмкіндіктермен байланыстыратын еді.

Екі жақ авиақұрылыс саласы бойынша аталған сала бойынша ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Украина Министрліктер кабинеттері арасындағы келісімге қол қою жұмысын тездетуге келісті.

Мемлекетаралық комиссиясы отырысында Қазақстан өз тарабынан қуат көздерін жаңарту саласында, атап айтқанда нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру салысында және технология трансферті саласында, энергия қуаттарын меншікті өндірісін дамыту салаларында ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды.

Одан басқа, Қазақстан ғарыш және әскери-техникалық салаларында, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюда, мәдениет және білім саласын жетілдіру ынтымақтастығы жағында екенін атап өту қажет.

Қазақстан Республикасы бірінші вице-премьері - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев айтып өткендей, Мемлекетаралық комиссиясы Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Серік Ахметовтің Украинаға келуі алдында өз жұмысын жүргізіп жатыр және Қазақстан бұл Мемлекетаралық комиссиясының қызметіне үлкен назар аударуда.

Қол қойылған бүгінгі хаттама мемлекеттер арасындағы барлық маңызды экономикалық секторларда өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға септігін тигізетін болады деп мәлімдеді Бақытжан Сағынтаев.

Сол күні Қазақстанның бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев Украина Премьер-министрі Николай Азаровпен кездесті. Иңгіме барысында мемлекеттер екі жақтың өзара қарым-қатынасының дамуы мәселелерін қарастырды.

Келесі Қазақстан-Украина Мемлекетаралық комиссиясының экономикалық ынтымақтастығы бойынша он екінші отырысы Қазақстанда өтетін болады деп шешілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны