31.07.2007, 10:44 2951

Бірқатар саяси партиялар өздерінің сайлау қорларын құрды

Бірқатар саяси партиялар өздерінің сайлау қорларын құрды

АСТАНА. 31 - шілде. Kazakhstan Today. Бірқатар саяси партиялар өздерінің сайлау қорларын құрды. Бұл туралы кеше Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының отырысында оның басшысы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша бес партия сайлау қорын құрып, оны әртүрлі насихаттау іс-шараларын жүргізуге белсенді пайдалануда",- деді Қуандық Тұрғанқұлов.

Атап айтқанда, оның мәліметтеріне сүйенсек, Жалпыұлттық социал -демократиялық партиясы 86 млн 468 мың 950 теңге сомасында, "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы - 92 млн 297 мың 500 теңге көлемінде, Қазақстанның "Ауыл" партиясы - 2 млн теңге, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 9 млн 500 мың теңге, "Руханият" партиясы - 1 млн 400 мың теңге көлемінде сайлау қорын құрған.

Сайлау заңына сәйкес, партиялардың сайлау қоры 146 млн 280 мың теңгеден аспауы қажет.

"Орталық сайлау комиссиясы банктермен және фискалдық органдармен бірлесе отырып партиялардың сайлау қорларының қаржысының жұмсалуына бақылау жасайды",- деп атап көрсетті Қуандық Тұрғанқұлов.

Ол сонымен қатар, "Сайлау туралы" конституциялық заңына сәйкес саяси партиялар сайлау қорытындысы белгіленгеннен кейін бес күн ішінде сәйкес сайлау комиссиясына өзінің сайлау қорының қаржысын пайдаланғаны туралы есеп беруге міндетті.

"Партия тізімін ұсынған саяси партиялар кандидаттарының сайлау туралы заңның 34-бабының 1 - 8 тармақтарындағы ережелермен бекітілетін тәртіпті, сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының бекіткен сайлау қорының қаржысын жұмсау тәртібін бұзуы партиялық тізімді тіркеу тіралы шешімнің күшін жоюға әкеп соқтырады",- деп атап көрсетті Орталық сайлау комиссиясының басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны