03.06.2008, 16:24 2770

Бірқатар ТМД мемлекеттері тауарлардың шығатын жерлердің аттарының бірыңғай ресстрін құру жөніндегі жобаға қатысудан бас тартуда

Бірқатар ТМД мемлекеттері тауарлардың шығатын жерлердің аттарының бірыңғай ресстрін құру жөніндегі жобаға қатысудан бас тартуда

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бірқатар ТМД мемлекеттері тауарлардың шығатын жерлердің аттарының бірыңғай мемлекетаралық ресстрін құру жөніндегі жобаға қатысудан бас тартуда. Бұл жөнінде жүргізілген талдау қорытындысы бойынша белгілі болды, деп бүгін өнеркәсіп меншігін қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестің XVII отырысында Молдованың зияткерлік меншік жөніндегі мемлекеттік агенттігінің бас директоры Дориан Кирошка мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Реестрді құру бастамасы мемлекетаралық кеңес мүшелері арасында қарама-қайшы пікір туғызды", - деді Д. Кирошка. Оның айтуынша, өзінің келіспейтіндігін Изербайжан білдірген. Ол жалған тауар белгілері мен географиялық атауларды пайдаланудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі шаралар туралы келісім аясындағы шараларды күшейтуді және тараптардың географиялық атауларын өзара мойындау мәселелері жөніндегі екіжақты келісімге қол қоюды ұсынады.

"Армения да реестрдің құрылуына күдік келтіріп, елдерді хабарландыру негізінде ұлттық заңнамаға сәйкес күзет орнатуды қолдайтынын білдірді", - деп атап көрсетті Д. Кирошка. "Өз кезегінде Беларусь республика аумағындағы шығатын жердің атауын қорғауға алу тек шығарылатын ел тіркеуге алынған кезде ғана іске асырылады дегенді негізге ала отырып, аталмыш реестрдің құрылуына қатысуды ақылға сыйымды деп есептемейді", - деп толықтырды ол.

Оның үстіне, Өзбекстан жағы да аталмыш реестр ақпараттық сипатта екенін және міндеттемелерін орындамауы мүмкін екендігі жайында пікір білдірді. Ал Қырғызстан болса, реестрді құру жөніндегі келісім өнеркәсіп меншігін қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңеске мүше елдердің үкімет басшыларының деңгейінде жасалғанын талап етіп отыр.

"Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере келе өнеркәсіп меншігін қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңеске мүше мемлекеттердің әрқайсысында тиісті жүйеерді құрып алмай жатып, реестрді құру ақылға сыйымды деп есептелмейді", - деп сөзін түйіндеді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны