08.08.2011, 12:32 3837

Биржалардағы үрей кең көлемдегі ұзаққа созылған дағдарысқа айналуы ықтимал

АҚШ рейтингі бойынша болжамды S&P "кері" деп бағалаған. Осы себепті ол алдағы бір - бір жарым жылда бұдан әрі де төмендеуі мүмкін деп күтуге болады. S&P рейтингтер бөлімшесінің жетекшісі Дэвид Бирстің айтуынша, осы бір қиын әрі қайшылыққа толы шешімді қабылдау компанияның міндеті болатын. Ал S&P компнаниясының басқарушы директоры Джон Чемберстің бағалауынша, АҚШ-ның ең жоғарғы несиелік рейтингін қалпына келтіруіне 9 бен 18 жыл аралығындағы уақыт қажет болады.

Алматы. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Биржалардағы үрей кең көлемдегі ұзаққа созылған дағдарысқа айналуы ықтимал, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Илем жаңа бір ауқымды қаржы дағдарысының алдында тұр. Бірнеше күнге ұласқан және өткен аптаның соңында шегіне жеткен дүниежүзілік қаржы индекстерінің құлдырауы бүкіл әлемдегі инвесторлардың ең қорыққан жағдайына келіп тірелді. Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігі АҚШ бюджетінің дефицитінің өсуімен байланысты қауіпке орай тарихта тұңғыш рет Америка Құрама Штаттарының ұзақ мерзімдік несиелік рейтингін ең жоғарғы ААА деңгейінен АА+ сатысына төмендетті", - деп жазады Utro.ru сайты.

АҚШ рейтингі бойынша болжамды S&P "кері" деп бағалаған. Осы себепті ол алдағы бір - бір жарым жылда бұдан әрі де төмендеуі мүмкін деп күтуге болады. S&P рейтингтер бөлімшесінің жетекшісі Дэвид Бирстің айтуынша, осы бір қиын әрі қайшылыққа толы шешімді қабылдау компанияның міндеті болатын. Ал S&P компнаниясының басқарушы директоры Джон Чемберстің бағалауынша, АҚШ-ның ең жоғарғы несиелік рейтингін қалпына келтіруіне 9 бен 18 жыл аралығындағы уақыт қажет болады.

Өкінішке орай, үрей бірте-бірте тізбектелген реакция сипатына ие болып келе жатыр. Қазіргі жағдайдың ауқымды ұзаққа созылған дағдарысқа айналудағы ең негізгі қауіп осыда жатыр. Қор биржасының қазіргі құлдырауы шын мәніндегі дағдарысқа айнала ма деген сұраққа жауап алдағы күндердегі биржаның жағдайынан белгілі болмақ.

Ирине, көптеген дамыған елдердің қаржылық және саяси басшылары нарыққа қатысушыларды жаңа дағдарысқа себеп боларлық нәрсе жоқ деп сендіруге тырысары анық. Ал, шындығында, оны жүзеге асыру қолдарынан келе ме, ол жағы - беймәлім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны