26.02.2008, 13:25 2670

Бішкекте 29 ақпанда Қазақстан , Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның гидроэнергетикалық мекемелерінің жетекшілерінің кездесуі өтеді

Бішкекте 29 ақпанда Қазақстан , Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның гидроэнергетикалық мекемелерінің жетекшілерінің кездесуі өтеді

Бішкек. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бішкекте 29 ақпанда Қазақстан , Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның гидроэнергетикалық мекемелерінің жетекшілерінің кездесуі өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігіне сілтеме жасап.

Аталмыш мекеменің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл өңірдегі езекті мәселе бойынша биылғы бірінші кеңес болмақ. Онда Нарын-Сырдария бассейнінің су-энергетикалық ресурстарын 2008 жылы бірлесіп пайдалану және өзара энергетикалық ресурстар беру жөніндегі төрт жақты келісімді дәйектеу басты әңгіме өзегіне айналмақ.

Бұл кездесуді өткізуге Қырғызстан үкіметі келісімін берді, оның атынан Қазақстан , Тәжікстан мен Өзбекстанның гидроэнергетикалық мекемелерінің жетекшілеріне шақырулар жіберілді. Сол күні Бішкекте Қырғызстанның мүдделі мекемелері мен көршілес республикалардың сарапшыларының қатысуымен аталған мәселе бойынша дөңгелек үстел өткізілмек.

Қырғызстанның өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрі Сапарбек Балкибековтың пікірінше, өңірдің барлық республикалары осы қыста түрлі дәрежеде басынан өткерген энергетикалық дағдарыс оларды алдағы келіссөздерде өз позициясын мейлінге қатаң қорғауға мәжбүр етеді. "Келісімді дайындау бағытында күрделі жұмыстар күтіп тұр, бірақ оны тез арада қабылдау барлық тараптардың мүддесіне сай", - деді С. Балкибеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны