08.10.2008, 17:44 2982

Бішкекте 9 қазанда ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің кездесуі өтеді

Бішкекте 9 қазанда ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің кездесуі өтеді

Алматы. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бішкекте 9 қазанда ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің кездесуі өтеді. Сыртқы істер министрлері кеңесінің кездесуінің күн тәртібінде Достастық аясындағы маңызды ықпалдастық салаларын қамтитын 20 мәселе бар. Сыртқы саясат мекемелерінің басшылары мақұлдаған мәселелер содан кейін өтетін ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында қаралады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің кездесуінде Достастық механизмдерінің қызметін реттейтін бірқатар құжаттардың жобалары қаралады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны