25.10.2010, 14:47 4308

Бішкекте "Ата-Жұрт" партиясының жақтастары ұлттық қауіпсіздік қызметі басшылығының отставкаға кетуін талап етуде

Бішкекте "Ата-Жұрт" партиясының жақтастары Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметі басшылығының отставкаға кетуін талап етуде,деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "24.kg" АА сілтеме жасай отырып.

Алматы. 25 - қазан. Kazakhstan Today - Бішкекте "Ата-Жұрт" партиясының жақтастары Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметі басшылығының отставкаға кетуін талап етуде,деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "24.kg" АА сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, "Ата-Жұрт" партиясының жақтастары парламент ғимаратының алдындағы ескі алаңға жиналған.

Митингіге қатысушылардың айтуынша, олар Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы К. Душебаевтің отставкаға кетуін талап етуде. Олар өздерінің қойып отырған талаптарын партияның көшбасшысы Камчыбек Ташиевтің үйіне шабуыл жасалғандығымен байланыстырып отыр.

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметі бастығы өз кезегінде, "МҰҚҚ қызметкерлері Камчыбек Ташиев тұратын маңда жұмыс істегендігін, бірақ оның үйіне ешкімнің баса көктеп кірмегендігін" мәлім етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны