11.07.2006, 16:41 2681

Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі үкіметтік өкілдердің отырысы өтуде

АСТАНА. 11-шілде. Kazakhstan Today. Бішкекте 10-16- шілде аралығында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі үкіметтік өкілдердің отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Кездесу барысында біріккен шекараның делимитациялық картасының альбомын рәсімдеуге қатысты мәселелер мен оны қол қоюға дайындау жайы талқыланады”,- деді Е.Ашықбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны