12.07.2007, 17:45 2615

Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді

БІШКЕК. 12-шілде. Kazakhstan Today. Бішкекте тамыздың аяғы немесе қыркүйектеің басында Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан СІМ-нің орынбасары Асқар Бешимов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Отырыс өткізу туралы шешім Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің кездесуінде қабылдады", -деді А.Бешимов. Оның айтуынша, осы келіссөздердің барысына сондай-ақ, жылдың аяғына дейін екі үкімет басшысының кездесуін ұйымдастырып, онда Қырғызстан мен Қазақстанның жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысының күн тәртібін талқылау жөніңде шешім қабылданды.

Осыған байланысты екі елдің сыртқы істер министрлері осы шараның күн тәртібін дайындауға тиіс. Ондағы басты мәселелердің бірі - Орталық Азиялық мемлекеттердің одағын құру тұжырымдамасын талқылау болмақ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекетаралық кеңес құру туралы келісімге осы жылдың сәуір айында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бішкекке сапары барысында қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны