13.05.2008, 18:57 3171

Бішкекте ШЫҰ клубының жиыны өтті

Бішкекте ШЫҰ клубының жиыны өтті

Бішкек. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Бішкектегі "Ала Арша" мемлекеттік сарайының Конгресс-холл ғимаратында бүгін Қырғызстан парламентінің спикері Адахан Мадумаровтың төрағалық етуімен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы клубының жиыны өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға Қырғызстан парламентінің вице-спикері Чолпон Баекова, СІМ Эднан Карабаев, парламент депутаттары, РФ, ҚХР , Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстан елшілері қатысты.

Қырғызстан СІМ-нің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл шара аясында ШЫҰ-ына қатысушы елдердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары парламент пен тұрақты комитеттердің жетекшілерімен бейресми ахуалда кездесті.

Жиынға қатысушылар ұйымға мүше елдердің өзара ынтымақтастығына қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы бойынша пікір алмасты. Атап айтсақ, Қырғызстан жағының ШЫҰ Парламентаралық ассамблеясын Ыстықкөл облысының Шолпан Ата қаласында бас пәтерімен құру жөніндегі бастамасын жүзеге асыру жайы талқыланды.

"Басты назар ШЫҰ аясында құрылатын жаңа институттың маңызы мен мүмкіндіктеріне аударылды, ол ұйымның парламенттік мәселелерін жақсартуға септігін тигізеді деп күтілуде", -деп хабарлайды Қырғызстан СІМ-нің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны