12.10.2009, 17:51 3407

Біз үшін Қазақстан толерантты мемлекеттің үлгісі болып табылады - Израильдің сыртқы істер министрі

Біз үшін Қазақстан толерантты мемлекеттің үлгісі болып табылады - Израильдің сыртқы істер министрі

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Израильдің сыртқы істер министрі Авигдор Либерманды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында Қазақстан мен Израильдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, әңгіме Израиль Мемлекетінің президенті Шимон Перестің Қазақстанға сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру жолдары туралы болды.

"Біз Израильде Президент Нұрсұлтан Назарбаевты айрықша құрметтейтінімізді жеткізгім келеді. Біз үшін Қазақстан толеранттық мемлекеттің үлгісі болып табылады", - деді журналистерге арналған брифингте Авигдор Либерман.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны