12.05.2010, 09:25 1607

Болат Өтемұратов Қырғыз Республикасымен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ҚР президентінің арнайы өкілі болып тағайындалды

Болат Өтемұратов Қырғыз Республикасымен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ҚР президентінің арнайы өкілі болып тағайындалды

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының өкімімен Болат Жәмитұлы Өтемұратов Қырғыз Республикасымен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы президентінің арнайы өкілі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, мемлекет басшысының жарлығымен Дулат Оразбекұлы Қуанышев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны