15.06.2009, 17:44 2876

Бразилия президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді - ҚР СІМ

Бразилия президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді - ҚР СІМ

Астана. 15 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бразилия президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Маусымның 17-сі күні елімізге Бразилия Федеративтік Республикасының президенті Луис Инасиу Лула да Сильва ресми сапармен келеді, оның барысында Бразилия көшбасшысы Қазақстан басшылығымен бірқатар кездесулер өткізеді",- деді Е.Ашықбаев.

Сапар барысында екіжақты ынтымақтастық байланыстардың даму болашағы мен 2007 жылғы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бразилия еліне мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру барысы талқыланады.

Сондай-ақ тараптар экономика, ауыл шаруашылығы, тау-кен және энергетика салаларында өзара әріптестік қарым-қатынастарды дамыту жайын қарастырмақ.

"Ал, ең бастысы, екі ел президенттері жаппай қырып- жоятын қаруды таратпау, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайту, интеграциялық процесс сияқты ғаламдық мәселелерді талқыға салады", деді Е.Ашықбаев.

Бұл - Латын Америкасы өңіріндегі ең ірі ел - Бразилия Федеративтік Республикасының президенті Луис Инасиу Лула да Сильваның ресми сапармен Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға алғаш рет келуі. "Бұл Бразилияның Қазақстанмен арадағы жан-жақты байланыстарды дамытуға дайын әрі мүдделі екендігін паш етеді",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны