18.07.2006, 16:24 2798

Брюсселде ҚР және ЕО арасындағы ынтымақтастық Кеңесінің мәжілісі өтеді

АСТАНА. 18 шілде. Kazakhstan Today. Бүгін Брюсселде Қазақстан және Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық Кеңесінің мәжілісі өтеді. Бұл жөнінде ҚР СІМ өкілі Ержан Ашықбаев хабарлады, дейді агенттік тілшісі.

Е. Ашықбаевтың ақпаратына сәйкес, Қазақстанның ресми делегациясын ҚР ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімов басқарып барады.

«Мәжіліс барысында екі жақты қарым- қатынас, ҚР және ЕО ынтымақтастығы мен серіктестігі жөніндегі Келісімдер, саяси реформалар, адам құқығы, аймақтық ынтымақтастық, ланкестікпен күрес, экономикалық реформа, энергетика, көлік, сауда және инвестиция мәселелері қаралады», -деп атап өтті СІМ өкілі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны