15.09.2008, 18:08 2813

Брюссель қаласында 16 қыркүйекте "Қазақстан - Еуропалық Одақ" ынтымақтастық кеңесінің оныншы отырысы өтеді

Брюссель қаласында 16 қыркүйекте "Қазақстан - Еуропалық Одақ" ынтымақтастық кеңесінің оныншы отырысы өтеді

Астана. 15 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Брюссель қаласында 16 қыркүйекте "Қазақстан - Еуропалық Одақ" ынтымақтастық кеңесінің оныншы отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

СІМ ақпаратына сәйкес, жиын кеңестің тең төрағасы - ҚР Индустрия және сауда министрі В.Школьниктің жетекшілігімен өтіп, әртүрлі салалардағы қазақстан-еуропалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне арналмақ. Еуропалық делегацияны кеңестің тең төрағасы - ЕК сыртқы байланыс және Еуропалық тату көршілестік саясатының комиссары Б.Ферреро-Вальднер басқарады.

Форум аясында 2007-2013 жылдары Орталық Азия мен Еуроодақ арасындағы жаңа серіктестік Стратегиясын әрі қарай жүзеге асыру мәселелерін талқылау, демократиялық реформалар, заң және адам құқықтары үстемдігі және сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерімен қоса, ҚР ЕҚЫҰ төрағалық етуіне байланысты саяси диалогты кеңейтуді талқылау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны