18.01.2010, 18:15 2903

Брюссельде ЕҚЫҰ мен Еуроодақ "үштігі" өкілдері өз қызметтерін үйлестіру жолдарын талқылайды

Брюссельде ЕҚЫҰ мен Еуроодақ "үштігі" өкілдері өз қызметтерін үйлестіру жолдарын талқылайды

Астана. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев 26 қаңтарда Брюссельде министрлер деңгейіндегі Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы мен Еуроодақ "үштігінің" бірлескен отырысына қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Кездесу барысында екі ұйым өкілдері өз қызметтерін үйлестіру жолдарын талқылайды. Талқылануы жоспарланған тақырыптар арасында - аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру, "созылып кеткен жанжалдардың" бейбіт шешімін табу жолдарын іздестіру, еуропалық қауіпсіздік архитектурасының болашағын анықтайтын "Корфу үдерісін" ілгерілету, және басқа да ортақ қызығушылық тудыратын мәселелер.

Сонымен қатар, аталмыш сапар барысында Қанат Саудабаев Бельгия корольдігі, Еуроодақ және НАТО басшылығымен бірқатар кездесулер өткізеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны