26.04.2010, 17:38 3240

Брюссельде "Еуропалық Одақ - Орталық Азия" форматында сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді

Брюссельде "Еуропалық Одақ - Орталық Азия" форматында сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

28 сәуірде Еуропалық Одақпен аймақаралық саяси диалог шеңберінде Брюссельде "Еуропалық Одақ - Орталық Азия" форматында сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді және оған Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Іс басындағы төрағасы, Қазақстанның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев қатысады.

Кездесу барысында аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін, жаһандық қаржы дағдарысының салдарын еңсерудегі тараптардың өзара әрекеттесу мәселелерін, сондай-ақ аймақтың энергетикалық және экологиялық дамуы мәселелерін, соның ішінде су ресурстарын тиімді басқару мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны