25.06.2007, 18:52 2604

Брюссельде Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық кеңес арасындағы Иріптестік іс-қимылы жөніндегі жеке жоспардың іске асуын бағалау жөніндегі отырыс өтеді

АСТАНА. 25-маусым.Kazakhstan Today. Брюссельде 27 маусымда Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық кеңес арасындағы Иріптестік іс-қимылы жөніндегі жеке жоспардың іске асуын бағалау жөніндегі отырыс өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Е.Ашықбаевтың хабарлауынша, сондай-ақ, 28-29 маусымда Македонияның Охрид қаласында Еуроатлантикалық әріптестік кеңесінің (ЕАИК) Қауіпсіздік жөніндегі Форумы өтеді.
Форумның жұмысы барысында энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ЕАИК шеңберіндегі ынтымақтастықты дамытудың жалпы мәселелерін талқылау жоспарлануда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны