12.02.2007, 17:40 2681

Брюссельде "Қазақстан Республикасы- Еуропа Одағы" ынтымақтастық кеңесінің отырысы өтеді

АСТАНА. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Брюссельде 12-ақпанда "Қазақстан Республикасы- Еуропа Одағы" ынтымақтастық кеңесінің кезекті, 9-шы отырысы өтеді, деп хабарлады Астанадағы дәстүрлі баспасөз мәслихатында сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Іляс Омаров.

Оның ақпараттарына сүйенсек, отырысқа Қазақстан жағынан одақтың тең төрағасы болып табылатын ауыл шаруашылық министрі Ахметжан Есімов басқарған Қазақстан Республикасының ресми делегациясы қатыспақ. Еуропа одағының делегациясын Германия Федералдық Республикасының сыртқы істер министрлігінің шетелдік істер статс-министр Гернот Эрлер басқарады.

"Отырыстың күн тәртібінде екі жақты қатынастар, саяси реформалар, адам құқықтары, аймақтық ынтымақтастық, сот төрелігі және ішкі істер мәселелері, соның ішінде лаңкестікпен күрес, экономикалық реформалар, энергетика, көлік, сауда және инвестиция, техникалық және басқа да көмектер көрсету мәселелері қамтылған",- деді ол.

І. Омаровтың хабарлауынша, отырыс барысында екі жақ Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың желтоқсандағы Брюссельге барған сапарының қорытындысын нақты іске асыруға, Еуропа жағынан әзірленген Орта азия бойынша Еуропалық Одақтың стратегиясына, сонымен қатар Еуропалық Одақтың Баку бастамасы мен 2006 жылдың қарашасында өткен Қара және Каспий теңізі елдерінің энергетикасы жөніндегі 2-ші министрлер кеңесі барысында қол жеткізген келісімдерді нақты жүзеге асыруға аса назар аудармақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны