19.06.2008, 20:04 3039

Бүгін Қазақстан мен Жапония арасында әуе қатынасын орнату жөніндегі меморандумға қол қойылды

Бүгін Қазақстан мен Жапония арасында әуе қатынасын орнату жөніндегі меморандумға қол қойылды

Астана. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға жасаған ресми сапарының аясында Қазақстанның көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов пен Жапонияның жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрі Тетсузо Фуюшиба Қазақстан мен Жапония арасында әуе қатынасын орнату жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, азаматтық авиация саласындағы өзара пайдалы ынтымақтастық басқа да салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың кеңеюіне ықпал етіп, көлік саласындағы өзара қарым-қатынастардың қарқынын арттыратыны меморандумда атап көрсетілген.

"Сонымен қатар, тікелей халықаралық әуе қатынасын орнату адам ресурстарын алмасуды кеңейту және екі ел арасындағы экономикалық өзара қарым-қатынастарды алға жылжыту тұрғысынан алып қарағанда аса маңызды болып табылады", - деп түйінделген министрлік таратқан хабарлама.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы мамырда ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің делегациясы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім жасасу мәселесі бойынша Жапонияның жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізген.

Кездесу соңында тараптар хаттамаға қол қойған. Онда жоғарыда аталған келісімді жасасу, тасымал көлемін реттеу, авиакомпаниялар арасындағы коммерциялық ынтымақтастық, мемлекеттер арасындағы әуе қатынасын орындау мүмкіндігі, сондай-ақ, ұшу жолдары мәселелері сөз болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны