29.08.2012, 16:57 2846

Бүгін ҚР СІМ Ержан Қазыханов ГФР Федералдық сыртқы істер министрін қабылдады

Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов "Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарусыз әлемге" атты халықаралық конференцияға қатысуға келген Германия Федеративті Республикасының Федералдық сыртқы істер министрі Гидо Вестервелле мырзаны қабылдады.

Астана. 29-тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР СІМ Ержан Қазыханов ГФР Федералдық сыртқы істер министрін қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов "Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарусыз әлемге" атты халықаралық конференцияға қатысуға келген Германия Федеративті Республикасының Федералдық сыртқы істер министрі Гидо Вестервелле мырзаны қабылдады.

Кездесу барысында тараптар, Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық және саяси салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін, ядролық қарусыздану мен таратпау мәселелері жайында пікір алмасты. Германия Федеративті Республикасы Қазақстанның Еуропадағы ең маңызды әріптестерінің және экономикамызға инвестиция құюшы елдердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, Еуроодақ шеңберінде де маңызды әріптес болып есептеледі. Германия Қазақстанның Еуроодақпен ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруда ерекше рөл атқарады. Айта кету керек, министрдің Астанаға сапары екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 20-жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны