27.12.2011, 13:57 4112

Бүгінде ең қажетті экономикалық ресурс кадрлар тапшылығы болып отыр

Сайлауалды іс-шаралар аясында партия төрағасы А.Перуашев және "Жас маман" ҚБ көшбасшысы Е.Ілиясов бастаған "АҚ ЖОЛ" партиясының үгіт-насихат тобы "Азия Авто" ірі өндірістік кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорын қызметкерлерінің басым бөлігі 35 жасқа дейінгі жастар.

Өскемен. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазіргі кезде ең қажетті экономикалық ресурс - кадрлар тапшылығы. Сондықтан жастарды қолдау әлеуметтік қана емес, сондай-ақ экономикалық тұрғыда маңызды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" Демократиялық партиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайлауалды іс-шаралар аясында партия төрағасы А.Перуашев және "Жас маман" ҚБ көшбасшысы Е.Ілиясов бастаған "АҚ ЖОЛ" партиясының үгіт-насихат тобы "Азия Авто" ірі өндірістік кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорын қызметкерлерінің басым бөлігі 35 жасқа дейінгі жастар.

"Жас маман" бірлестігінің көшбасшысы Еркебұлан Ілиясов: "Қазіргі кезде ең қажетті экономикалық ресурс - кадрлар тапшылығы. Сондықтан жастарды қолдау әлеуметтік қана емес, сондай-ақ экономикалық тұрғыда маңызды", - деді және әріптестерін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің оң тәжірибесін кеңінен таратуға шақырды. Кездесуде экономика мен өнеркәсіптегі жас мамандарды қолдаудың кешенді шаралары талқыланды.

Азат Перуашев жиналғандарды сайлауалды тұғырнаманың басты бағыттарымен таныстырды, партияның жастар саясаты саласындағы басымдықтары - жас мамандарды қолдау, жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселелерін ерекше атап өтті.

"АҚ ЖОЛ" партиясының қатарына қосылған жастардың көбеюіне байланысты партия басшылығы жастармен жұмысты арнайы бір бағыт ретінде қарастырып отыр. Бұл бағыт Бақыт Сәрсекбаевтың жетекшілігіне тапсырылды. Сондай-ақ, біздің партиялық тізімде Мәжіліс депутаттығына ең жас кандидат бар. Еркебұлан Ілиясов 26 жаста, Кентау транс-форматор зауытының вице-президенті. Бизнес-қауымдастықтардың жас жетекшілері, жас кәсіпкерлер, жастар ұйымдарының көшбасшылары қатарынан партияның бастамашы жас-тар тобы құрылды және олардың міндеті жастар мәселесін жеке бір бағытпен ерекшелеу емес, мәселелерді шешу жолдарын ұсыну. Біздің міндетіміз - жастардың өз мәселелерін өздері шешуіне мүмкіндік беру",- деп атап өтті ол.

Жетістіктерге қол жеткізген "Азия Авто" қызметкерлерін мысалға ала отырып, кәсіпорын президенті Ержан Мандиев әрбір қызметкерді дамытудың мүмкіндіктері туралы айтып өтті: "Зауытта біздің мамандарымыздың өздерінің әлеуетін іске асыруына және жеке адам ретінде дамуына барлық жағдай жасалған. Қоғамдық қызмет, сондай-ақ кәсіби өсу салала-рында жастардың белсенді өмірлік ұстанымдарын насихаттау қажет".

Үгіт-насихат тобының мүшелері сайлаушылар сауалдарына жауап берді және 2012 жылдың 15 қаңтарында өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс беруге белсенді түрде қатысуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны