12.01.2009, 18:38 2941

Бүгінгі күні Қазақстанның алты азаматшасы Газа секторынан кетуге ниет білдіріп отыр - ІІМ

Бүгінгі күні Қазақстанның алты азаматшасы Газа секторынан кетуге ниет білдіріп отыр - ІІМ

Астана. 12 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бүгінгі күні Қазақстанның алты азаматшасы Газа секторынан кетуге ниет білдіріп отыр. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Біздің нақтыланған мәліметіміз бойынша, қазір Газа секторындағы шиеленіс аймағында Қазақстанның 16 азаматы, олардың балалары, жалпы алғанда 57 адам бар", - деді Е. Ашықбаев.

"Газа секторынан кетуге ниет білдірген 6 әйел мен 24 бала бар. Дәл Газа секторында тұратын бір отбасы кейбір жағдайларға байланысты көшуден бас тартты", - деді ол.

Оның айтуынша, қазір "Қазақстанның алты азаматшасын балаларымен, яғни, 30 адамды көшіру мәселесі дәйектеліп жатыр. "Искери іс-қимылдарға, Газа секторы аймағының қоршауда болуына байланысты біз қазір нақты қанша азамат шыға алатынын дөп басып айта алмаймыз",- деді ол.

Е. Ашықбаевтың хабарлауынша, Газа секторындағы Қазақстан азаматтарына көмек көрсету үшін Қазақстан СІМ-де (7172) 72 02 68 және 72 02 86 телефондары бойынша "қызу желі" ұйымдастырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны