22.12.2008, 18:36 2605

Бурабайда бірқатар ТМД елдерінің басшылары Илемдік қаржы дағдарысының салдарын жоюда мемлекеттерге көмек көрсету үшін 10 млрд. доллар көлемінде бірлескен қор құру туралы шешім қабылдады

Бурабайда бірқатар ТМД елдерінің басшылары Илемдік қаржы дағдарысының салдарын жоюда мемлекеттерге көмек көрсету үшін 10 млрд. доллар көлемінде бірлескен қор құру туралы шешім қабылдады

Астана. 22 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бурабайда бірқатар ТМД елдерінің басшылары Илемдік қаржы дағдарысының салдарын жоюда мемлекеттерге көмек көрсету үшін 10 млрд. доллар көлемінде бірлескен қор құру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Бурабай" курорттық аймағында 19-21 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы, Армения Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Илемдік қаржы дағдарысының салдарын жоюда мемлекеттерге көмек көрсету үшін 10 млрд. доллар көлемінде бірлескен қор құру туралы шешім қабылданды.

Саммитке қатысушылар жоғары технологиялар орталығын құру жөнінде уағдаласты, оның қызметі инновациялық жобаларды бірлесіп әзірлеу мен енгізуге бағытталады.

Қазақстан президенті Н.Назарбаев бұл кездесудің жемісті өткенін атап өтті. Алдағы саммитте қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың құқықтық базасын қалыптастыратын құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны