27.09.2006, 10:22 2532

Буштардың атақонысында Қазақстан президенті мен АҚШ-тың бұрынғы президентінің кездесуі өтті

ВАШИНГТОН. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today. Атлант мұхитының жағалауы Мэн штатындағы Кеннебанкпорт түбіндегі Буштар отбасының атақонысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен Джордж Буштың кездесуі болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің арнаулы тілшісі.

Қазақстан президенті өзінің АҚШ-қа сапарын осыдан бірнеше сағат бұрын бастады. Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев, вице-премьер Кәрім Мәсімов пен президент әкімшілігінің жетекшісі Иділбек Жақсыбеков жүр.

Қазір Вашингтонда түн таяды. Сол себепті сапардың бағдарламасы қазіргі президент Джордж Буштың ата-анасының Атлант мұхитының жағалауындағы "Уокер поинт" атты атақонысында басталды. "Көптен бері достық байланыстағы үлкен Джордж Буш пен Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік саясатқа қатысты өзекті мәселелерді талқылады", деп хабарлайды президент әкімшілігі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ақ үйдің қазіргі басшысының кездесуі 29-қыркүйек, жұмада өтеді.

Сонымен бірге 27-қыркүйекте Н.Назарбаев АҚШ конгрессінің мүшелерімен, вице-президент Ричард Чейнимен, сауда және энергетика министрімен, Орталық барлау басқармасының директорымен кездеседі.

Сондай-ақ, Н.Назарбаев Илемдік банктің президентімен және ірі АҚШ компанияларының жетекшілерімен кездеседі.

Сондай-ақ, Қазақстан мемлекет басшысы АҚШ астанасындағы Қазақстан елшілігі аумағында Қазақстан тәуелсіздігінің құрметіне арналған ескерткіштің ашылуына қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны