07.12.2009, 18:42 5195

БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан ұсынысын қолдап, 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жариялау туралы резолюция қабылдады

БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан ұсынысын қолдап, 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жариялау туралы резолюция қабылдады

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан ұсынысын қолдап, 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жариялау туралы резолюция қабылдады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"30 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясы консенсус негізінде Қазақстан Республикасы бастамасымен ұсынылған "Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн" резолюциясын қабылдады",- деді Е.Ашықбаев.

Өздеріңізге мәлім, тиісті бастаманы Елбасы Н.Назарбаев осы жылғы 18 маусымда Семейде өткен жиында ұсынған болатын.

Ядролық сынақтардың адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға тигізер теріс әсерін мойындай отырып, сондай-ақ оларды токтатудың ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізудегі маңызды құралдардың бірі екендігін ескере отырып, резолюция 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жариялайды.

Консенсус негізінде қарардың қабылдануы халықаралық қауымдастықтың жаһандық қауіпсіздік пен жаппай қырып жою қаруын таратпауға Президент Н.Назарбаев басшылығымен Қазақстанның қосқан үлесін мойындауы болып табылады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР президенті бастамасына қолдау көрсеткен барлық мемлекеттерге ризашылығын білдіреді, деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны