16.03.2010, 13:18 3276

БҰҰ бас хатшысы ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстанға келеді

БҰҰ бас хатшысы ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстанға келеді

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының бұқарамен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

"БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун ағымдағы жылдың сәуір айында Орталық Азия елдеріне, соның ішінде Қазақстанға сапармен келеді. Қазақстанға ол 2010 жылдың 6-7- сәуірінде укеледі деген алдын-ала ұйғарым бар", - делінген хабарламада.

"Өз сапары аясында бас хатшы президент Н. Назарбаевпен кездесіп, Семей өңірінде, соның ішінде бұрынғы ядролық сынақтар полигонында болады", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны