25.09.2009, 13:07 3034

БҰҰ Бас хатшысы Азиялық саяси партияларды қоғамды демократияландыруға бағытталған күш-жігерді күшейтуге шақырады

БҰҰ Бас хатшысы Азиялық саяси партияларды қоғамды демократияландыруға бағытталған күш-жігерді күшейтуге шақырады

Астана. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Азиялық саяси партияларды қоғамды демократияландыруға және азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған күш-жігерді күшейтуге шақырады. Бұл туралы ол бүгін Астанада ашылған Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясы Бас ассамблеясының 5-ші жиынына қатысушыларға арнаған бейнежолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен сіздерден азаматтардың мұрат-мүддесін жүзеге асыруға, олардың үнін естуге және демократиялық құқықтарын құрметтеуді қамтамасыз етуге баса күш-жігер жұмсауға шақырамын", - деді Пан Ги Мун. Сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысының айтуынша, төрт мииилиард адамның отаны болып табылатын Азия "халықаралық сахнадағы аса ірі ойыншыға саналады". "Сол себепті Азиялық саяси партиялар демократиялық құбылыстың қозғалтқышы рөлін атқара алады", - деді ол.

"Саяси партиялардың ғаламдық ынтымақтастығын құру керек, бұл - әлемдегі кедейлік және адам құқығының қорғалуы мәселелерін шешу үшін қажет", - деді Пан Ги Мун.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны